Русский Сайттың толық нұсқасы

Ер адам әйеліне бауырын сыйлады

  • AstanaTV
  • 03 қаңтар 2024
  • 440

Ер адам әйеліне бауырының бір бөлігін сыйға тартты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі asiaplustjса.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжікстанның Шахритұз ауданының тұрғыны Мохаммади Лолахоновқа Адам ағзалары мен тіндерін трансплантациялау ұлттық ғылыми орталығында операция жасалды. Ота сәтті өткен.

Мохаммади Лолахонов пен оның жұбайы бейнесұхбатта өз сезімдерімен бөлісіп, отадан кейін өздерін жақсы сезінетіндерін айтты.

"Мен әйелімді жақсы көремін. Балаларымның дені сау болғанын қалаймын", - дейді отағасы.