Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында өңірлерге іссапарында өзін сән-салтанатпен күтіп алуға, той-думан мен аста-төк дастархан жаюға тыйым салғанын айтты.
Сұхбат алушы Дихан Қамзабекұлы Президенттің өңір басшыларына ұшақтан гүлмен қарсы алуға, аста-төк дастарқан жаюға, думандатып концерт, шоу өткізуге тыйым салғаны жөнінде сұрады.
«Президент ретінде алғаш рет ел аралауға шыққанымда, әкімдер салтанатты шаралар ұйымдастыруға, көл-көсір дастарқан жаюға, билбордтар орнатуға тырысты. Қазір мұның бәрі тыйылды. Мен облыстарға жұмыс бабымен ғана барамын. Уақыт өте келе жергілікті жерлерде де осындай жұмыс дағдысы қалыптасатынына сенімдімін. Халықты жинап, қыруар қаржы шығындап, салтанатты шаралар ұйымдастыру біржола тоқтатылады», - деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.