Атырауда тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты. 4 адамның жағдайы ауыр. Оқиға Көкарна ауылында болған. 58 жастағы отағасы шәй қоймақ болған кезде табиғи газ желісінен шыққан газ-ауа қоспасы оқыс тұтанып, жарылған. Отбасындағы 5 адам дереу ауруханаға жеткізілген. Оның 3-еуі ересек, 2-еуі бала. Өкінішке қарай, бүгін 1965 жылы туған үй иесі алған күйіктен көз жұмды.
Біржан БАҚТЫГЕРЕЕВ , ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ РЕАНИМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
1970 жылғы азаматша 95 пайыз күйік жарақатымен және 2002 жылғы азаматша 60 пайыз күйік жарақатымен жатыр. Жағдайлары қазіргі уақытта өте ауыр. Ем домын жалғастыруда.
Екі сәбидің жағдайы ауыр. Кішісі - 4айлық нәресте. Қазір төтеншеліктер оқиғаның шығу себебін анықтап жатыр. Айта кетейік, былтыр облыс бойынша, 152 өрт оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапқан.
Ғабит БАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Дүмпу салдарынан тұрғын үйдің 9 шаршы метр бөлігі құлаған қабырғасының. Сонымен қатар 140 шаршы метр шамасында өрт оқиғасы орын алған. Өрттің шығу себебі қазіргі таңда анықталуда. Өрт оқиғасы бойынша ҚР ҚК бойынша қылмыстық іс қозғалып сараптама тағайындалды.