Русский Сайттың толық нұсқасы

Райм мен Еркенің отбасында үлкен той болады

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2024
  • 728

Ұлының "қырқынан шығару" рәсімін өткізді.

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан ұлы Исламның "қырқынан шығару" рәсімін өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.   

Тойға өнер иесінің ет-жақындары ғана қатысқан. Ерке Есмахан ұлының "қырқынан шығару" рәсімі кезіндегі суреттерін Instagram парақшасында жариялады. Жұлдызды ана 40 күндік міндетінен құтылғанын айтып, енді қыдыратынын алға тартты.

- Исламды қырқынан шығардық. Өзіміз үйде тып-тыныш қана тойлаттық. Әкесі артынан барлық қуанышымызды бөлісіп, бір той жасаймын деп отыр. Бәрінен бұрын 40 күндік міндетімнен құтылдым. Енді қыдырамын, – деп жазды әнші.