Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында көпбалалы ана өзіне қол жұмсады

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2024
  • 1140

Жетісу облысында көпбалалы ана өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеген. Ақпаратқа сүйенсек, 35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсанда кешке құрбысы ауруханаға жеткізген.

"Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйел аспирин дәрісінің 10 қорабын ішіп, бір күннен кейін қайтыс болғанын айтты", – делінген мәліметте.

Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған.