Русский Сайттың толық нұсқасы

Биылдан бастап қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтіндер әлеуметтік төлем алады

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2024
  • 717

Биылдан бастап қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтіндер әлеуметтік төлем алады. Бұл металлургия, энергетика, тау-кен секторындағы жұмысшыларға қатысты.

Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.

Арнайы төлемді кемінде 7 жыл міндетті зейнетақы жарналарын төлеген 55 жастағы азаматтар ала алады. Қазір елімізде осы санатта 37 мың адам бар.

Оларға қаңтардан бастап, ай сайын 208 мың теңге көлемінде төлем беріледі.