Русский Сайттың толық нұсқасы

28 жастағы ер адам 14 жасар қызға зорлық көрсеткен

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2024
  • 574

Петропавл қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасы хабарлады. н 

Соталды тергеу кезінде 28 жастағы ер адам 14 жастағы кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені анықталды.

Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау"). Қазір істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.