БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша Қазақстанның ұлттық индикаторларын өзектендіру керек. Бұл мәселе Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінің 7-ші отырысында талқыланды. Өзекті индикаторлар қатарына барлық вакциналарды алған азаматтардың үлесі, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері мен парниктік газ шығындыларының көрсеткіші қосылады. Талқылау қорытындысы бойынша биыл Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жоспары бекітілді. Мемлекеттік органдар оның уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.