Русский Сайттың толық нұсқасы

2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форум өтеді

Қазақстан тарихының көптомдығын құрастыру жұмысы басталды. Ол үшін шетелден 60-қа жуық маман, елімізден 200-ден аса тарихшы жұмылдырылған. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз сұхбатында айтты. Сондай-ақ, биыл ел дамуында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсетіледі. Бұл еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізбек.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз өз тарапымыздан, Мәжіліс депутаттары, өзіміздің негізгі функциямызды орындауымыз керек. Президент айтқан барлық мәселені заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету – біздің міндет.

2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форум өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға төрағалық етеді.Бұл – ел беделін арттырады, - дейді мамандар.Сұхбатта жемқорлардан тәркіленген ақшаға мектеп салу мәселесі де қозғалған.

Жайық МАҚСҰТОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

2023 жылы жемқорлардан тәркіленген қаражат бойынша біраз жұмыс жүргізілді. Ең бастысы қаражатты жұмсау қағидалары бекітілген болатын. Содан кейін 62 мектептің құрылысы жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен қаржыландырылды.