Еліміздегі ең танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова Инстаграм парақшасында өткен жыл жайлы қорытынды пост жазды.
«Өтіп бара жатқан жыл мен үшін қаншалықты жеңісті, жемісті болса, соғұрлым «әттегенайы» көп жыл болды. Кейбір актерлерім басыма мініп, секіріп, абьюзерлік іс-әрекет жасаған жыл болды. «Киношный насилиеге» ұшырадым ал. Бопсалау мен терроризмнің құрбаны болдым. Бірақ мен әр қазақ әйелі сияқты дымымды шығармай шыдадым. Алдағы жылы мен көп вирустарға вакцина салдыртып алдым, имунитет қалыптастырдым, шүкір! Мені көре алмайтын, ақшамды санайтын, біздің арқамызда деп сыртымнан пышылдайтындарға да ризамын. Я вас проработала, кармаларың өздеріңмен кетсін! Обшым «год был интересным, но все самое интересное впереди»! Жаңа жылда жаман коммент жазғандар оңбайды екен. «Осы сіз-ақ анау-мынау деп өкпелеп жүреді екенсіз» дейтін хейтерлер, блокқа кетесіңдер». Менің де айтуға құқым бар! Мен де ет пен сүйектен жаралғам! Менің де жүрегім бар! Канце канцов мен де әйелмін пашамайт! Айтқым келеді бәрін!» деді Гүлнұр Мамасарипова.
Продюсер сондай-ақ денсаулығы сыр бергенін жасырмады.
«Мен ауырып қалдым. Ыстығым түспейді. Айланың атасы «ертең жұмысқа кет» деп жатыр. Температурамен алысып жатырмын. Арасында әлеуметтік желіге бас сұғып қоямын. Түсінгенім ше, қоғамдағы басты тақырып төсек екен. Ол туралы еркектер қатты кеңес беріп жатыр. «Әйел төсекте түрлену керек, образдарға ену керек, күйеуі барлығын әперу керек» деген пікір оқыдым. Биылғы жыл қиындау өтеді деп жатыр «білгіштер». Менің ойымша, оны бір Құдай біледі. Ал біз шамалы болса да ішкі мәдениетімізді байытайықшы. Ақ пен қараны, жаман мен жақсыны ажырату үшін де ми керек», – деп жазды Мамасарипова.