Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Гебрейюс әлеуметтік желіде дүние жүзінде COVID-19 жағдайлары көбейгенін және бетперде мен вакцинациялауды жалғастыру керек екенін айтып дабыл қақты. Бұл туралы мәлімдеді Stan.kz ақпарат агенттігі Press.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде COVID-19 ауруының 28 күн ішінде 52%-ға өскенін хабарлады. Барлығы 850 мыңнан астам адам коронавируспен ауырған.
“Инфекция қаупін азайту үшін бетперделерді пайдалануды, бөлмелерді желдетуді және қашықтықты сақтауды жалғастыру керек. Сондай-ақ өзіңіз бен жақындарыңыздың COVID-19 және тұмауға қарсы вакцинацияланғанына көз жеткізіңіз ", - деп жазды Гебрейюс.
Оның айтуынша, әлемде коронавирус пен тұмаумен сырқаттанушылар саны артып келеді.