Русский Сайттың толық нұсқасы

Газа секторы өмір сүруге келмейтін жағдайға жетті – БҰҰ

  • AstanaTV
  • 07 қаңтар 2024
  • 2005

БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары Стефани Тремблей Израиль мен Хамас арасындағы үш айдан астам соғыстан кейін Газа секторын өмір сүруге келмейтін жағдайға жеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronewsарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас хатшының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитс те үш ай жан түршігерлік шабуылдардандан кейін Газа үмітсіздік пен өлім орнына айналғанын алға тартқан.

Хамас ұйымының Денсаулық сақтау министрлігі мұнда індеттің таралу қаупі бар екенін, бұл алда көп шығынға әкелетінін мәлімдеді.

Ал Ливан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағым түсіріп, Израильді сейсенбі күні ХАМАС жетекшісі Салех әл-Арури мен тағы алты адам қаза тапқан Бейрутке шабуылы үшін айыптады. Израиль бұл шабуылды палестиналық радикалды топқа қарсы "хирургиялық соққы" деп атады.

Сенбі күні таңертең ливандық "Хезболла" тобы жауап ретінде Израильдің солтүстігінде, Мерон тауы аймағында бірнеше ондаған зымыран ұшырды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өз кезегінде, Израиль қорғаныс күштері Ливанның оңтүстігіндегі зымырандардың ұшырылуына жауапты "террорлық ұяшыққа" соққы бергенін айтты.