Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 07 қаңтар 2024
  • 1337

Ақмола облысының Щучье қаласында тұрғын үй өртеніп, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт төрт пәтерлі тұрғын үйден шыққан.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 22 адам және 7 өрт сөндіру техникасы тартылды. Үй ағаштан жасалғандықтан өрт сөндіру кезінде қиындықтар болды. Жалын шарпыған үйден екі адамның мәйіті табылды", -делінген хабарламада.