Русский Сайттың толық нұсқасы

Индустриалды аймақта оқыс жағдайдан денесі күйген жұмысшының бірі көз жұмды

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2016
  • 3357

Шымкентте мотор майын шығаратын зауыттағы жарылыста зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Бұл туралы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының дәрігерлері хабарлады. 31 жастағы оператор жігіттің денесінің 95 пайызын күйік шалған болатын.

Икрам Төлеев, облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

Біздің еміміз ешқандай көмек бере алмады. Өйткені жарақаты өте үлкен. Соның салдарынан науқас көз жұмды сағат бірдің шамасында. Екінші науқас 35 пайыз алған жарақатымен әзір емделіп жатыр. Бірақ реанимация бөлімшесінде. Жағдайы бірқалыпты, бірақ өте ауыр жағдайда.

Еске салайық, индустриалдық аймақтағы зауыт аумағында газды ауа қоспасы жарылып, бір адам оқиға орнында көз жұмған. Қатты күйген екі жұмысшы ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін кешегі жаңалықтарымызда хабарлаған едік. Төтенше жағдайдың нақты себебі әлі анықталған жоқ. 

Айзада ТӨРЕБЕҚЫЗЫ