45 жастағы қазақ эстрадасының әншісі Алтынай Жорабаева бесінші қызын дүниеге әкелді.
Тележүргізуші Анна Данченко жұлдызды отбасындағы қуанышты оқиғаны 2024 жылдың 7 қаңтарында Instagram парақшасында жариялады.
"Жақсы жаңалық! Алтынай ханым бесінші қызын дүниеге әкелді. Сізге де жұғысты болсын", - деп жазды Данченко.
Жорабаеваның өзі әлі үнсіз. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері жаңа жылға арналған соңғы постынан кейін әлі ештеңе жазбады.