Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары Рудныйда кеншілермен кездесті

Мәжіліс депутаттары Екатерина Смышляева мен Альберт Рау қостанайлық кеншілермен кездесті.Сонымен қатар «Соколов» шахтасының жұмысымен танысып, кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен жолықты. Мәжілісмендер әуелі 345 метр тереңдіктегі жерасты кенішіне түсіп, шахта жұмысымен танысты.Кеншілерді кездестіріп, сұрақтарына жауап берді.Одан кейін түрлі цехтағы партия активімен және кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен жиын өткізді. Еңбек қауіпсіздігі, еңбек адамының ерте зейнеткерлікке шығуы жайлы түрлі түйткілдер талқыға түсті.Сайлауалды бағдарлама шеңберінде атқарылған ауқымды істер мен президент жолдауы да әңгіме арқауына айналды.

Альберт РАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Былтыр кеншілермен кездестім.Сол кезде зейнет жасы көтерілген еді.Енді міне сол заң қабылданды .Жеті жыл ауыр әрі қауіпті жерде жұмыс істеген адам елу бес жасында зейнеткерлікке шыға алады.Арнайы әлеуметтік жәрдемақы алады.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сақтандыру мәселесі.Төлемақы түйткілдері де қарастырылған.Мысалы бұрын өндірістік жарақат алған жқмысшы толық көлемде өтемақы ала алмайтын.Енді толық алатын болады.Ендігі кезекте парламентте еңбек қауіпсіздігін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.