Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда балабақша қызметкерінен туберкулездің жұқпалы түрі анықталды

Атырауда балабақша қызметкерінен туберкулездің жұқпалы түрі анықталды. Бақша бір күнге жабылып, дезинфекция жасалған. Байланыста болған бөбектер мен қызметкерлер жаппай тексерістен өтіп жатыр. Күдігі көп бір топ ата-ана бүгін балабақша келіп, жағдайдың қалай болғанын түсіндіруді талап етті.

Қазір балам ауырып жатыр, бүкіл рентгеннен өттік. Анализден өттік, анализдің қорытындысы дұрыс шықпағандықтан манту ала алмай тұрмыз қазіргі таңда

Перизат Мұратқызы 4 жасар баласының жиі ауыратынын айтады. Тәрбиешінің көмекшісінен туберкулездің ашық түрі анықталғанын естігенде тіпті уайымдаған.

Перизат МҰРАТҚЫЗЫ, АТА-АНА:

Кім допуск беріп жатыр соны анықтап берсін. Екіншіден балалармен жұмыс жасайтын адамдардың денсаулық жағдайы қалай басшылар осыны қалай назардан тыс қалдырып отыр? Екіншіден жалғыз бір ғана топ өткізіліп жатыр. Бүкіл анализден, бүкіл қан талдауынан, бүкіл рентгеннен, басқа топтарға хабардар берілмеген.

52 жастағы әйел тәрбиешінің көмекшісі болып, былтыр наурыз айында жұмысқа тұрған. Бұрын өкпе туберкулезімен ауырып, сауығып шыққан көрінеді. Рентгенге мамыр айында түсіп, арнайы комиссия жұмысқа қосылуға рұхсат берген.

Наташа СТАМҒАЗИЕВА, ГЕОЛОГ ЕМХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Ноябрьде лечение алады. Консультация пульмонолога, афтезиатр, ктк органов. Лечение біткеннен қайтадан жібереді ғой. Декабрьде жібергенде, қайтадан қақырыққа жіберген кезде сол кезде оң мәнді болып шығады.

Еңбекке жарамсыз қағазынан соң, қазан айында отбасылық жағдайына байланысты ақысыз күн алып кеткен. Содан кейін балалармен байланыс болмады,- дейді балабақша басшысы.

Гүлжан МУСИНА, «НҰР-ӘЛЕМ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Ол кісі 6-шы қазан күні лагингитпен ауырып құлағымен, еңбекке жарамсыздық бетшесіне шығады. Одан кейін келіп 19-ы күні отбасылық жағдайына байланысты күн алып кетеді. Осы уақытқа дейін ол отбасылық жағдайына байланысты еңбекақысыз күнде жатыр.

Мұрат ХАМЗИН, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭКПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мамандарымыз барып балабақшаның ішіне дизенфекция жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар балабақшадағы кісілермен қарым-қатынаста болған саны анықталып, флюрографиялық тексеріске жіберілді. Қазіргі таңда өтіп жатыр.

Қазір тәрбиеші көмекшісі «екі өкпенің инфильтративті туберкулезі. Ыдырау сатысы. Қайталанған түрі» диагнозымен ем алып жатыр.