Русский Сайттың толық нұсқасы

"Автобус жүргізушісіне қатысты іс қозғалды" деген ақпаратты Алматы полициясы түсіндірді

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2024
  • 1101

Бұған дейін Қазнетте автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция осы ақпарата қатысты түсініктеме берді.

"Бұрын хабарланғандай, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасымен ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі, 351-бабы 3-бөлігі және 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді".

Полиция қоғамдық көлік жүргізушісі К есімді азаматшадан жәбірленуші ретінде қылмыстық істер аясында жауап алынғанын қоса кетті.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деп түйіндеді полиция.