Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2024
  • 827

9 қаңтарда еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қарағанды облысында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екіпін 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 20 м/с-ға жетеді.

Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қар жауып, екпінді жел күтіледі.

Павлодар, Түркістан, Қостанай облыстарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.