Елімізде қызылша ауруының таралуы әсіресе балалар арасында жиілеп отыр. Үкімет басшысы елімізде қызылшаның әдеттен тыс таралуына алаңдатушылық білдірді.
«Өкен жылдан бері елімізде қызылшамен ауырғандар саны айтарлықтай өсіп кетті. Ол соңғы 10 жылда болмаған көрсеткішке жетіп отыр . Олардың 80%-ке жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың көпшілігі – тиісті екпе алмағандар. Екпе алмаған науқастардың ауруы асқынып кету қаупі жоғары. Мұндай жағдайлар қазірдің өзінде тіркеліп отыр», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.