Русский Сайттың толық нұсқасы

«Тобыл» футбол клубы кезекті рет сатылымға шығарылады

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2016
  • 2376

Екі рет сатылымға шығарылып, өтпей қалған «Тобыл» футбол клубының құны 4 есеге құлдырады. Бастапқы бағасы 95 миллион теңгені құраған еді. Енді нысанның 50 пайыз еншісін 24 миллион теңгеге сатып алуға, тіпті ақшасын бөліп төлеуге мүмкіндік беріліп отыр.

Электронды коммерциялық тендер әдісі бойынша футбол клубы желтоқсанның 29 күні үшінші рет сатылымға шығарылады. Егер ешкім алмайтын болса, таратылуы мүмкін. Айта кетейік, аймақтағы  клубқа  биыл қазынадан 2 миллиардқа жуық қаражат бөлінген.

Заңғар САНАЙ