Русский Сайттың толық нұсқасы

"Үлкейіп келе жатырмын": Кәмшат Жолдыбаева жазбасымен елді ойландырып қойды

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2024
  • 1194

Көптен бері ел алдына шықпай, әлеуметтік желіде жоқ болып кеткен Кәмшат Жолдыбаева оқырмандарымен байланысқа шықты. Өнер иесі орамал таққан видеосын жариялап, жазбасымен елді ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева Instagram желісінде жаңа видео жариялап, өзінің жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды. Бұған дейін ашық образдардарын паш етіп келген өнер иесінің стилі бүгінде түбегейлі өзгеріп кеткен. Бейнежазбада әнші арудың орамал тағып алғанын көруге болады. Шоу-бизнес жұлдызы өзін іздеген жандардың қал-жағдайын біліп, желіде жазба жариялаған. "Қалдарыңыз қалай? 2024-тегі алғашқы "жүріп өтуім". Бара-бара мұндай жай "жүрістерден" тұратын контенттерді де қысқартуға ниеттімін, үлкейіп келе жатқанымның белгісі ме, бір Алла біледі. Сіздермен бір амандасып, амандығымды білдірейін деген жүріс қой. Оның үстіне ауа райы да тамаша. Сіздерде не жаңалық? Қалай үлкейіп жатсыздар", - деп жазды ол.

Жолдыбаеваның образы желіде қызу талқыға түсті. Оған қоса әнші арудың жазбасы көпшілікті ойландырып қойды. Оқырмандар өнер иесінің аяғы ауыр деп болжауда. "Күйеуі мықты тәрбилеп тастаған", "Өзгеріп кетіпті. Керемет образдары қайда? Не болып кеткен?", "Осындай Кәмшат сұлу", "Орамал сыртынан бас киім киетіндерді түсінбеймін", "Алла енді қос-қостан ұл берсін", "Аяғыңыз ауыр секілді", "Сахнадан неге кетіп қалдың? Орамал не үшін? Не болып жатыр өзі?", "Бұрынғы Кәмшат ұнайды", "Жазбасы екі ойлы екен. Үлкейіп дегені аяғы ауыр дегені ме", - деп жазуда көпшілік.