Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2024
  • 664

Атырау облысы полиция департаменті Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықтады.

35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн теңге алып жатқанда ұсталып, қамауға алынды.

Іс-құжаттарына сәйкес, аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн теңгені алғаны үшін де күдік келтіріліп жатыр.

Полиция өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын ескертті.