Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған 25 жастағы жылқышы ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2024
  • 769

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жылқышы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен Байзақ ауданында 25 жастағы малшыны құрықтады.Ол өзі жұмыс істейтін шаруа қожалығына жақын маңда ірі көлемде есірткі жасырған. Аумақты тексеру кезінде 2,8 келі кептірілген марихуана жасырылған орын табылды. Малшының айтуынша, бір жыл бойы тыйым салынған заттарды өзі тұтыну үшін жинаған. Сараптама қорытындысы бойынша ер адам ұсталған сәтте есірткілік мас күйде болып шықты. Атап өту керек, малшы 200 жылқыдан тұратын табынға жауапты болған.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.