Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде көпқабатты үйдің тұрғындары уланып қалды

Ақтөбеде көпқабатты үй тұрғындары жаппай уланып қалды. Қолқаны қапқан өткір иістен жұрттың көзінен жас парлап, жөтеліп, бастары ауырып, әбігерге түсіпті. Тіпті екі адамды жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кеткен.

Алтын орда ауданындағы бұл көпқабатты үйде түн тыныш болмады. Тұрғындар өз пәтерлерінде хлордың иісінен тұншығып отыра алмаған. Қолқа қабатын иіс көзден жас парлатып, қатты жөтел туғызған. Тұрғындар кезекпен жедел жәрдем шақырыпты.

Клара ӘШНИЯЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Үйді барлық иіс алып кетті. Хлорканың иісі. Басымыз ауырды, ішіміз ауырды. Әлі ауырып жатырмыз. Скорыймен мен барғаным жоқ. Мені де алып кетемін деп еді.

Руслан КӨШЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

ЖК «Баянсұлу» шаңырақ құрлысы адамдары істеген. Бірақ халыққа ескертпеген. Соның кесірінен кеше екі адамды скорыймен алып кетті. Бүгін таңертең келіп көршілердің қызын алып кеткен. Өздері емес Сэске айтып істету керек қой. Профессионалдарға. Өздері сеуіп тастаған. Соның кесірінен групповой отравление болды.

Тұрғындар жаппай иіске шыдамай далаға шығып, туыстарының үйіне қонуға кетіпті. Кеше кешке осы мекен жайдан екі адам «Хлормен улану» диагнозымен ауруханаға түскен. Дәрігерлер хлордың шамадан тыс болуы адам денсаулығына зиян екенін айтып отыр.

Марат ЖАНҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІНІҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Хлормен улану жағдайында бірінші клиникасында көзден жас ағуы, тамақ қышуы, жөтел пайда болады. Дозасы көп болып кетсе, онда бұл өте қауіпті жағдай болады. Қауіптілігі бұл кісілердің өкпе қабынуы соған жету мүмкіншілігі бар. Ол енді оған реанимациялық көмек керек болады.

Белгілі болғандай кеше тұрғын үйдің кәріз жүйесі бітеліп қалып, алдын күні жер төлені тазартқан. Кейін түгел хлор сеуіп тастаған екен.

ӘЛІБЕК КЕНЖЕБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Канализация суы ішке не істеген. Екі күн качали. Иісі жаман шығып тұрған соң, ішіне 4-5 кг хлор септік болды. Кеше кешке хлорды түгел қырып алып тастап опилка сеуіп ішін тазартып жатырмыз.

Тұрғындардың айтуынша, бұл үйде желдеткіш жүйесі жұмыс жасамайды екен. Жаппай иістен улану соның кесірінен болған. Осы жағдайдан кейін олар қала әкімінің қабылдауына жазылып, жаңа үйдің олқылықтарын реттеуді сұрап отыр.