Павлодар облысында өрттен 9 жасар бала көз жұмды. Оқиға Баянауыл ауданына қарасты Сәтбаев ауылында болған. Түнгі сағат үштер шамасында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, дереу құтқарушыларға хабар берілген. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өздігінен 4 адам сыртқа шыққан. Баспанада 6 адам болыпты. Оның үшеуі бала. Көмекке көршілері келіп, екі баланы шығарған. Алайда, үшінші баланы дер кезінде үйден шығара алмай қалған. Тек құтқарушылар ғана жанып жатқан үйден баланы алып шығыпты. Алайда, жеткіншек ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Әзірге тілсіз жаудың неден тұтанғаны белгісіз.
Нұрсипат ЖАНАЙДАРОВ, №20 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ:
Үй жиһаздары, үй жабдықтары жанғаны анықталды. Өрт сөндіру бөлімі келгенше, 4 адам өз еркімен құтқарылған.