Русский Сайттың толық нұсқасы

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді

Биыл көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы көбейді. Бала тууға байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы беріледі. 1, 2, 3 баланың тууына бір реттік төлем – 140 296 теңге, 4 және одан да көп балаға – 232 596 теңге. Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайын жәрдемақы төленеді. Жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджеттен , ал жұмыс істейтіндерге, егер олар Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болса, бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем соңғы екі жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде тағайындалады. Алты және одан да көп баланы дүниеге әкелген аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісімен марапатталады. Оларға ай сайын сәйкесінше 27 мың 320 теңге және 23 мың 628 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.