Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты

Атырау облысында Доссор-Бейнеу бағытындағы жолда төрт көлік көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан жедел жәрдем қызметкері көз жұмды. 1995 жылғы жүргізуші Газель автокөлігімен жедел жәрдем бригадасының көлігін ұрған. Ал, 31 жастағы жүргізуші IVECO автокөлігімен Rolfo Sirio автокөлігін зақымдаған.

Алмаз ЗАКАРИЕВ, ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ РОТАСЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

18:30 шамасында Ақтау-Доссор тас жолы, 74-ші шақырымында 4 автокөліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан бір автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Құрметті жүргізушілер, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.