Атырау облысындағы Индербор кентінен 3 адам мал іздеуге шығып, оралмаған. Ал бүгін құтқарушылар жоғалған азаматтарды тапты, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.
Ведомство ақпараты бойынша, 9 қаңтарда Атырау облысының Индербор кентінен 3 адам мал іздеуге шығып, оралмаған.
"Жоғалып кеткендер таңғы сағат 8-де Батыс Қазақстан облысы Жанама ауылына қарай мал іздеуге автокөлікпен шығып, қайтып оралмады. Жоғалған адамдар 10 қаңтарда таңғы сағат 05:20-да табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ТЖМ өкілдерінің айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД және полицияның 7 қызметкері, 2 техникасы жұмылдырылған.