Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте таныстарын мас күйде пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2024
  • 667

Шымкентте екі танысын пышақтап мас күйде өлтірген әйел сотталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға өткен жылдың 19 шілдесі күні Көксай-2 шағын ауданында болған. Алкогольдік ішімдік ішкен топ түсініспеушілік туындап, кісі өлімі орын алды. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні кінәлі деп танып, 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сот сотталушыға жаза түрі мен мөлшерін белгілеген кезде оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындағанын, шын ниетпен өкінуін ескерді, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.