Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Қытайға астық жеткізуден жаңа рекорд орнатты

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2024
  • 969

Өткен жылы еліміз Қытайға бидай тасымалдаудан жаңа рекордқа қол жеткізді. Бидайдан бөлек, арпа, соя, зығыр және күнбағыс майы бар, деп хабарлайды Kazinform.

Былтыр жалпы жеткізген зат көлемі 2,2 миллион тонна болған. Қазақстандық Datahub аналитикалық қызметі сарапшылары экспорттың күрт өсуі жоспарланғанын атап өтті. Өйткені өткен жылы Қытайға астық экспортына кедергі келтірген карантиндік шектеулер алынып тасталды.

Қытайға астық экспортының ұлғаюы басқа елдерге жеткізілімдердің қысқаруымен де байланыстырылады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен жылдың қаңтар-қазан айларында Қытайға бидай экспорты 24 есе артып, 475 200 тоннаға жеткен.

Есесіне жоғарыда аталған ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау Иранға 8 есе (68 400 тонна), Ауғанстанға 15%-ға 379 (100 тоннаға дейін) және Қырғызстанға 10%-ға яғни 3 300 тоннаға дейін қысқарған.

Елімізде негізгі нарықтарға экспорттың қысқаруына қарамастан, бидайды шетелге жеткізудің жалпы көлемі 6,2 млн тоннаға дейін өсті. Бұл жерде Өзбекстан шешуші рөл атқарды. Көрші ел жалпы көлемі (3 миллион тонна) мен өсімнің 60% (804 300 тонна) жартысын қамтамасыз етті.