Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралап, тұрғындармен кездесуде

Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралап, тұрғындармен кездесуде. Мәселелерін тыңдап, шалғай ауылдардың да жай-күйімен танысып жүр. Қызылордаға арнайы сапармен келген Мұрат Әбенов 7 күнде барлық ауданда болып, тұрғындармен тілдескенін айтады. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарының да мәселелеріне құлақ түрді. «Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінде болып, жұмысшылардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы сөз қозғады. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

Мұрат ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір қай ауылға барамыз жаңа жол салынып жатыр. мына жерде амбулатория, мына жерде мектеп. Сонда азаматтар айтады мұндай қаржы салынып жатса, ғимараттар, жолдар салынып жатса, электр энегрия жүргізіліп жатса, әрине ауылдан көшіп кеткен жастар қайтып келіп жатыр ауылға дейді. Қазір жұмыс орындары ашылуда.