ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 15:20-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Kazinform.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 856 шақырым жерде Ауғанстан аумағында жатыр.
Жерасты дүмпуінің энергетикалық класы – 13,6. MPV магнитудасы - 6.4. Бағыты – 37,01° с.е. 70,92° ш.б. Тереңдігі - 180 км.
Сезілуі туралы ақпарат (МСК-64 шкаласы бойынша): Шымкент, Жамбыл облыстарында тіркелді – 2 балл.