Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда өте сирек кездесетін ақ қасқыр суретке түсіп қалды

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2024
  • 465

"Манашы" мемлекеттік табиғи қаумалында ақ қасқыр фотоқақпанға түсіп қалған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәліметінше, бұл - өте сирек кездесетін жыртқыш ақ қасқыр.

"Ақ қасқыр - Маңғыстауда өте сирек кездесетін жыртқыш аң. Оның сезімталдығы жоғары әрі төзімді, өз аумағында ең қаһарлы жыртқыш саналады. Салмағы мекен ететін жеріне қарай 30-80 келі шамасында болады", - дейді мамандар.