Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада техникалық ақауы бар автобустар жолаушы тасымалдаған

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2024
  • 721

Елордалық полиция департаменті қала әкімдігі және басқа да құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Тасымалдаушы» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

Аталған іс-шараның бірінші күні Полиция департаменті автобустарды автопарктардан шығару тәртібін, олардың техникалық жай-күйінің қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өту рәсімін тексерді.

Техникалық ақауы бар автобустарды желіге шығарудың 10 фактісі анықталды, олар бойынша автопарктердің 4 лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК 617-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қалта ұрлығымен байланысты қылмыстардың алдын алу үшін автобус салондарында бейнекамералардың болуы және жұмыс істеуі тексеріледі.