Шымкентте дене шынықтыру сабағында оқушы қайтыс болып кетті.
Otyrar.kz жазуынша, қайғылы оқиға 11 қаңтарда №48 орта мектепте сабақ үстінде болған.
«8-сынып оқушысы есінен танып қалды. Мектеп медбикесі спортзалға тез жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Келген жедел жәрдем бригадасы екінші арнайы шұғыл көмек бригасын шақырды. Алайда дәрігерлер келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болып кетті», - делінген хабарламада.
Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
Марқұм болған бала отбасында үш баланың ортаншысы болған.