Русский Сайттың толық нұсқасы

"Бала құқығын қорғауға арналған заң жобасы әзірленуде", - депутат

Мәжіліс депутаттар Көкшетау қаласындағы «Шанс» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау көрсету орталығына барды. Жұмысымен танысты. Олар бала құқығын қорғауға арналған заң жобасы әзірленіп жатқанын еске салды. Мамандардың ұсынысын тыңдады. Орталық зорлық-зомбылық көрген немесе қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетеді. Өткен жылы ұйым 27 әйел мен 204 жасөспірімге қамқорлық танытты. Депутаттар қызметкерлермен жүздесу барысында олардың жұмысының өте маңызды екенін айтты. Сондай-ақ халық қалаулылары дағдарыс орталықтарының түйіткілді мәселелерін шешуге ұйытқы болатынын жеткізді. Елімізде дәл осындай 41 орталық бар.

Наталья ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қаражат мәселесін біз заң арқылы шеше аламыз. Мәжіліске қайтып келгеннен кейін осы сияқты мәселелерді міндетті түрде шешуге тырысамыз. Ең алдымен үкіметтің қорытындысы керек. Яғни, қаржы министрлігімен бірлесе отырып қандай норманы қосуға болады немесе поправка ретінде қандай норманы енгізуге болады.