Русский Сайттың толық нұсқасы

Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадаға отандастарымыз 29 жолдама жеңіп алды

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2024
  • 440

2024 жыл жауапты жарыстарға толы болмақ. Еліміздің спортшылары әртүрлі деңгейдегі 765 халықаралық, 631 республикалық жарыстарға қатысады. Алғашқы жарыс - Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін IV Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова мәлімдеді.

«Ойындар 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Жалпы ойындарға әлемнің 70 елінен 1800 спортшы қатысып, 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Спортшыларымыз барлық дайындық кезеңдерінен өтіп, 5 спорт түрінен 29 жолдама жеңіп алды. Бір жолдама бойынша растауды күтіп отырмыз», - деді А.Бектенова.