Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанда тауарлы сүт фермаларын салу жөніндегі Үлкен жобаның іске асырылу барысы талқыланды. Биыл елімізде 65 тауарлы сүт фермасы жұмысын бастауы керек. Олардың арасында жаңа және өндіріс қуатын арттыруды көздеп отырған тауарлы сүт фермалары бар.