Өскеменде бейтаныс біреу ер адамға бірнеше рет оқ атқан. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері өлген кісінің мәйітін тапты. Кісі өлтірді деген күдікті ұсталды.
Оқиғаның видеосы желіде тарады. Кадрдан ер адамға бірнеше рет оқ атқанын көруге болады. Ол оқиға орнында қайтыс болған.