Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық азамат өзін-өзі өртеп жіберді

Атырау облысының Мақат ауданында 63 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеді. Аман қалғанымен, жағдайы тым ауыр. {КСМ: }Алдын-ала ақпарат бойынша, ол мұндай қадамға отбасылық жанжалдан соң барған,- дейді полицейер. Отбасында қандай жанжал орын алғанын тергеу анықтайтын болады.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ер адамның өз-өзін өртеу дерегіне қатысты қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 105-бабы «Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ оқиға 13қаңтар күні 13:45 шамасында орын алған. Куәгер 102 оперторына қоңырау шалған. Оқиға орнына дереу полицейлер мен жедел-жәрдем жеткен.

Азаматты облыстық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, денесінің 81 пайызын күйік шалған. Қазір жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында.