Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында жұмысшы пойыз астында қалып мерт болды

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2024
  • 859

Жазатайым оқиға бүгін, 15 қаңтарда «Шұбаркөл Көмір» АҚ ішкі теміржол желісінде болған. Бағыттау бекетінің кезекшісі беймәлім жағдайда пойыз астына түсіп, қаза тапты.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкердің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болған. Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен.

«Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды. „Шұбаркөл Көмір“ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді», — деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.