Павлодар облысының тұрғыны 36 мың теңгеге бола жантүршігерлік қылмыс жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру фактісі бойынша С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 99-б. 1-б.).
Сотта 2022 жылғы 31 қазанда Тереңкөл ауылындағы пәтерде С. мен оның азаматтық әйелі О.-ның арасында көмір сатып алуға қалдырылған 36000 теңгені жұмсағаны үшін жанжал басталғаны анықталған.
Жанжал барысында О. масаң күйде болып, С.-ға табамен соққы жасамақ болды. Жауап ретінде С. өлтіру мақсатымен О.-ға кеуде аймағына және денесінің басқа бөліктеріне жұдырықпен бірнеше рет соққы берді, ол сол жерде қайтыс болған.
Келесі күні С. жасалған қылмысты жасыру мақсатымен О.-ның денесін бөлшектеп, кейіннен қаптарға салып Ертіс өзеніне лақтырып жіберді. Жасалған іс-әрекет үшін заңмен 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Істің мән-жайын және сотталған адамның жеке басын ескере отырып, оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.