Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей тағы да халықаралық турнирден қағылды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2016
  • 2742

Ресей тағы бір ауқымды турнирден қағылды. Халықаралық одақ Челябинск қаласында өтеді деп жоспарланған конькимен сырғанау сайысының шешуші кезеңін басқа елде өткізетін болды. Ұйымдастырушылар тәуелсіз сарапшылар пікірінен кейін, Халықаралық олимпиада комитетінің сөзіне құлақ түруді жөн санапты. Алайда 2017 жылдың наурызына жоспарланған доданы өткізуге құлшыныс білдірген ешкім жоқ.

Ал Тюменьде жастар арасында биатлоннан әлем кубогін өткізуден Ресейдің биатлоншылар одағы бас тартқан. Белгілі болғандай, допинг қолданды деген күдікке ілінген ресейлік 30 биатлоншыға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілмек.