Русский Сайттың толық нұсқасы

Таяу Шығыстағы қақтығыстан 25 мыңға жуық палестиналық қаза тапты

Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталар емес. Тәулік ішінде Израиль әскері Газа секторына 15 рет шабуыл жасады. 185 адам қаза тауып, 320 адам жарақат алды. Қираған ғимараттардың астында адамдар қалып қойған. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары оларға әлі жете алмай жатыр. Айта кетейік, қақтығыс басталғалы 25 мыңға жуық палестиналық қаза тапты. 61 мыңнан астам адам жараланған.