Русский Сайттың толық нұсқасы

Ойынға жайнамазын құшақтап келетін "Барыс" ойыншысы жайлы не білеміз?

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2024
  • 3031

Астаналық "Барыс" ойыншысы Руслан Оспанов ойынға үнемі жайнамазын алып келеді. Бұл туралы "Головой об лед" Telegram арнасы хабарлады, деп жазады Bassport.kz.

Хоккейшінің бұл қадамы мамандар мен жанкүйерлердің көңілінен шыққан.

Руслан Оспанов 2004 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Оның хоккейдегі алғашқы қадамы үш жасында басталыпты.

"Барыс" жүйесінен шыққан ойыншы, біраз жыл "Номад" намысын қорғап, Солтүстік Америкада сынға түсіп көрді.

Жас шабуылшы бүгінде "Барыс" клубында өнер көрсетеді.