Сүт
фермалары құрылысын мақсатты субсидиялау керек. Сол кезде елде сүт өнімінің
тапшылығы жойылып, отандық өндірушілердің Еуразиялық экономикалық одақ нарығына
шығуына жол ашылады. Қазақстанның «Ет-сүт одағының» өкілдері осылай деп отыр.
Сала мамандардың пікірінше, Қазақстанның табиғи сүт өнімдерінің дәмдік сапасы
мен құнарлығы ұнтақтарға қарағанда өзгеше. Көп мөлшердегі өнімді өндіруде
қазіргідей кезең-кезеңмен шығару науқаны жеткіліксіз. Сондықтан бұл бағытқа
мақсатты субдисиялау қажет. Сүт фермаларында сиыр сауу қарапайым әдістен үш
есеге артық болады. Және алынған сүт барлық еуропалық стандарттарға сай
келмек.
Қайрат
Оспанов, ҚР ет-сүт одағының төрағасы:
Егін
шарушалығында алғашқы жылы бір комбайн, екінші жылы екіншісін сатып алып,
жәй-жәйлап бастауға болады. Бірақ мына мал шаруашылығында олай жасай алмайсың.
Себебі бірден қора салып, шөп түсіріп, бұзау қора салып, ірі қараны сауатын
қажеттіліктерді алуың керек. Бұл - ірі инвестиция. Сүт өндірісі - өте күрделі
жұмыс. Сондықтан мемлекет бұл бағытқа ерекше көңіл бөлуі керек.
Айти-технология
негізінде сиырлар сүт беретін мына залға 180 млн теңге құйылған. Аталған
ферманы «Камышинское» шаруа қожалығы өз қаражатына тұрғызыпты. Сауу деңгейі
бірден 30-дан 38 тонна сүтке ұлғайған. Алдағы уақытта ескі фермаларды жаңғырту
жоспарланған. Алайда, бұл істі субсиядаулаусыз жүзеге асыру мүмкін емес,- дейді
шаруашылық өкілдері. Қазірде Шығыс Қазақстандағы сиырлардың 28 пайызы ғана сүт
саласына пайдаланылады. Шаруалардың сөзінше, шалғай ауылдарда фермалар салу ісі
жергілікті тұрғындарды қызықтырары анық. Мемлекеттік қолдау болса, отандық сүт
өндірушілердің еуразиялық экономикалық нарыққа шығуына жолы ашылмақ.
Владимир
Акулов, «Камышинское» ШҚ басшысы:
Бізге
беларустермен бәсекелесуге әлі ерте. Олардың өніміне деген сұраныс өте жоғары,
мысалы, біздің өсімдік майына секілді. Бірақ Ресейге шығуға болады. Бүгін 38
тонна сүтті жібердік және әр күн сайын таңертең 38 тонна сүтіміз облыс
орталығына жіберіледі.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ