Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда қандаланы улаймын деп 2 бірдей сәбидің өліміне себепкер болған әйел сотталды

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2024
  • 1308

Ақтауда қандаланы улаймын деп 2 бірдей сәбидің өліміне себеп болған әйел сотталды. Бүгін Ақтау қалалық сотында 48 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот ашық түрде өтіп, айыпталушы мен оның туыстары қатысты. Ал жәбірленуші тарап сот барысын онлайн түрде көрді.

Ақтау қалалық сотының судьясы Ақмарал Хасенованың мәлімдеуінше, сотталушының кінәсі толық дәлелденген.

"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 304-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын Қылмыстық кодекстің 46-бабы 5-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеу белгіленсін. Сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған үйқамақ бұзылсын. Сот залынан қамауға алынсын", - деді судья.