Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауда түнгі клубта төбелес болды

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2024
  • 1196

Көкшетау қаласының құқық қорғау органдарына медицина қызметкерлерінен ауруханаға түрлі жарақатпен 27 жастағы қыздың жеткізілгені туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды polisia.kz.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жәбірленушінің жергілікті клубта төбелес кезінде жарақат алғанын анықтады. Бұл факт бойынша полицейлер қыздардың бірі би билеп, екіншісін абайсызда итеріп жібергенін анықтады. Бір-біріне балағат сөз айтқан олар төбелеске дейін барған.

Бұзақылық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.