Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада балабақшада бүлдіршінді өзімен жасты бір топ бала ұрып тастаған

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2024
  • 1070

Қызылорда қаласындағы балабақшада ұл баланы өзімен жасты сәбилер ұрып тастаған. Салдарынан баланың ерні жырылып, жарақат алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіде жариялады. Ақпаратта облыс орталығындағы «Аяла-Жан» балабақшасында тәрбиеленіп жатқан баласының ерні жырылып, жарақат алғаны айтылған. Мекеме камерасына түскен видеода ұл балаға бір топ бала жабылғаны көрінген. Жамбасынан теуіп, басы мен бетінен ұрған.

Аталған оқиға жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі төмендегіше түсініктеме берді.

«Қалалық білім бөлімі аталған балабақшаға зерделеу жұмыстарын жүргізетін болады. Мәлімет қосымша хабарланады», – делінген хабарламада.

Ал Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бұл мәселеге байланысты тиісті жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.

«18 қаңтарда әлеуметтік желіде жарияланған «Аяла Жан» балабақшасында болған оқиға жөніндегі жарияланым басқарманың ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Ол бойынша құжаттар жинақталып, Қызылорда облысы Білім басқармасына тиісті шешім қабылдау үшін жолданады», – деп мәлімдеді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы.